Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӨМІР БОЙЫ ТҮРМЕДЕ
Қалған өмірі өкінішпен өтеді. Ақтөбеде кепілге адам алу және екі кісіні өлтіру дерегі бойынша сот үкімі шықты. 38 жастағы Сәрсенбек Басанов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 27 млн теңге моральдық және материалдық өтемақы төлейді.
«ҚОНЫСБАЕВТАҒЫ» КЕДЕРГІ
30 шақты жүк көлігі 10 күннен бері Түркістан облысындағы «Қонысбаев» кеден бекетінде қаңтарылып тұр. Көлікте тез бүлінетін жеміс-жидек тиелген. Жүктің өтуіне не кедергі? Тілші зерттеуі.
КӨЛІК ТОНАЙДЫ
Елде көлік тонаудың жаңа түрі пайда болды. Алаяқтар құлыптау жүйесінен кілтипан тауып, спутниктік байланысты бұзады. Сөйтіп, ашық қалған көлікке еркін кіреді. Ал мұны иесі білмей де қалады.
КӘСІБИ ҚАБЫЛДАУШЫ ОТБАСЫ
Бала асыраудың жаңа түрі. Енді жетімді бауырына басқысы келетін ата-ана алдын ала дайындықтан өтеді. Жаңа жүйе «кәсіби қабылдаушы отбасы» деп аталады. Яғни бала жетімдер үйіне жіберілмей тұрып, әбден сынақтан өткен жұпқа аманат етіледі.
ЕЛОРДА ЕРТЕҢІ
Елорданың арқаға ауғанына биыл 27 жыл толды. Кезінде 300 мың ғана тұрғыны бар шағын шаһар, бүгінде 1,5 млн халқы бар алып мегаполиске айналды. Енді Астананың ертеңі қандай болады?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.