Бүлдіршіндерді ұрып-соғып, тамақ бермеген. Қостанайда балаларды дамытуға арналған түзету орталығының айналасында үлкен дау шықты. Әлеуметтік желілерде бұл мекемеден бейнежазбалар тарап, қоғамда резонанс тудырды. Кадрларда қызметкерлердің балаларды күштеп ұйықтатып жатқаны анық көрінеді. Бірі – баланы шапалақпен ұрса, екіншісі – көрпемен жауып, үстіне отырып алған. Тамақ бермей, аш ұстаған. Қазір полиция бұл сұмдықты әшкерелеп, тергеп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.