Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап, аман қалды. Оқиға қаладағы Береке ықшам ауданында болған. Жасөспірім жеделсатыға кірмек болғанда, есіктері жабылып қалған. Ол сол сәтте тек велосипедін жартылай кіргізіп, өзі сыртта қалып қояды. Ал лифт жоғарыға көтерілгенде, бозбала бірге жармасып, шахтаға құлаған. Дәрігерлер бірден жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал бұл іске қатысты тергеу басталды.
ҒАСЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
— Жеделсатыға жауапты Каспий ЖШС-ға қызмет барысында тексерістер жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекемемен байланыстық, олар кезектен тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жерде жеделсатыға жауаптылар тиісті деңгейде қауіпсіздік шараларын қамтымай, нақты талаптарға сәйкес емес бағытта қойылғаннан кейін осындай оқиға орын алып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.