Жетісу облысында педофил өмір бойына сотталды

Жетісу облысында тағы бір педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін Панфилов ауданы Алтыүй ауылының тұрғыны кісі өлтіріп, 9,5 жыл жазасын өтеп келген. Ол кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түсіп, тағы қылмыс жасады. Сот жабық түрде өткенімен, бұқаралық ақпарат құралдарына үкім шығаруға қатысуға рұқсат берілді. Былтыр Талдықорғанда Аманат партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы төрағасы да бала зорлау фактісімен өмір бойына бас бостандығынан айрылған.
БАҚЫТ ЕРМАХАНОВ, ҚІЖМ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Сотталушы өзі де ішінара кінәсін мойындап отыр. Жас балаға қатысты азғындық әрекеттер жасағаны үшін оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол өзгеріс, заң 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіліп отыр. Өйткені 20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы деп көзделген. Ал бүгінгі таңда соңғы өзгерістерге сәйкес, 20 жыл деген нақты уақыт жоқ. Тек бір ғана жаза бар. Ол – тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы.
———————————————