Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданында қайғылы оқиға болды. Құдықсай ауылында атасы мен немересі жоғалып кеткен. Осыдан кейін туыстары дабыл қағып, шұғыл іздеу салынды. Олар көлікпен балық аулауға аттанған екен. Іздестіру барысында сүңгуірлер олардың денесін Ор өзенінен тапты. Қазір оқиғаның барысы зерттеліп жатыр.
АСЛАН АРЗЫМБЕТОВ, ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Сүңгуірлер жүргізген жұмыстар нәтижесінде 2,5 метр тереңдіктен және жағадан 4 метр қашықтықта баланың денесі, сондай-ақ көлік пен ер адамның денесі судан шығарылды. Ол оқиғаның мән-жайы анықталуда. Осыған байланысты Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департементі облыс тұрғындарын, сол айдындардың маңындағы және қиын, қолжетімсіз жерлерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.