Атырауда қайтарылған активтер қаражатына үш нысан салынады. Дәлірек айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау салаларына басымдық берілмек. Мәселен, қазір Қызылқоға ауданына қарасты Жамансор ауылында 80 орындық мектеп пен 30 орындық интернаттың қазығы қаланып жатыр. Жаңа білім беру ұйымдарында, ұл-қыздар үшін толық жағдай жасалмақ.
ТАЛҒАТ БИСЕН, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жамансордағы мектептің құрылысының жалпы сметалық құны – 2 млрд 80 млн теңге. Бірлік ауылындағы жобалық құжаттамасы 3 млрд болған еді. Қазіргі таңда түзету жұмыстарына сәйкес бұл жұмыстар қайта есептелуде.
СЕРГЕЙ АЛЕКСЕЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:
— Мектепті оқу жылының екінші жарты жылдығында бітіруді көздеп отырмыз. Сол үшін тағы да 2 құрылыс бригадасын тартамыз. Құрылыс материалдарынан кідіріс жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.