Заңсыз жолмен алынған активтер халық игілігіне жұмсала бастады. Ел үкіметінің дерегі бойынша, қазір жалпы құны 318 миллиард теңгенің 406 жобасын қаржыландыру мақұлданған. Оның ішінде 333 жоба нақты іске асырылып жатыр. Бұл жобалар еліміздің түкпір-түкпіріндегі денсаулық сақтау, білім беру, спорт және ауыз сумен қамтамасыз ету саласын қамтиды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында заманауи Гематология орталығы бой көтереді. Солтүстік Қазақстан облысында Соколов, Булаев, Преснов су құбырлары жаңғыртылып жатыр. Қарағанды облысының 7 ауданында 51 медициналық нысан салу көзделген. Ал Ақтөбе облысында ерекше балаларға арналған жаңа балабақша жобасы да осы қаражат есебінен салынады. Сонымен қатар Түркістан облысында 35 ауызсу жобасы мен 1 білім беру нысаны қолға алынған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.