БАҚ қызметкерлеріне Президент атынан пәтер тарту етілді. «Дара» Президенттік бастамалар қоры, 60-тан астам адамға баспана сертификатын табыстады. Биыл тек журналистер емес, режиссерлер, операторлар, дубляж редакторлары, дыбыс режиссерлері, грим жасаушылар және сапалы контентті қамтамасыз ететін өзге де мамандар- баспаналы болды. Бұл жолы әлеуметтік жағынан осал топтарға ерекше көңіл бөлінген. Соңғы үш жылда Астанада 200-ге жуық медиа саласы өкілі- жаңа пәтерге ие болды. Биыл алғаш рет пәтер сертификаты біздің «Жетінші арнада» қызмет ететін жас отбасыға бұйырды. Мөлдір мен Дамир екі баланы тәрбиелеп отыр. Алты жыл пәтер жалдап тұрған әріптестеріміздің енді өз баспанасы бар.
МӨЛДІР ИЗАТҚЫЗЫ, «ЖЕТІНШІ АРНА» АСБД РЕДАКТОРЫ:
— Бар қазаққа бас қайғы болған баспана мәселесі біздің отбасымыз үшін де аса өзекті еді. Астанаға көшіп келгелі қанша жыл екі құлынымызды құшақтап, пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік. Сол күндердің артта қалғанына қуаныштымыз. Әуелі Алла, сосын сүйікті «Жетінші арнама», үйлі һәм күйлі еткен «Жетінші арна» басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. «Жетінші арна» жасасын!
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.