Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚАТЫГЕЗ ТӘРБИЕШІ
«Еті – сенікі, сүйегі – менікі». Бірақ бұл бүлдіршінге қатысты айтылған сөз емес еді. Қостанайда жекеменшік коррекциялық балабақша тәрбиешілері балғындарға тамақ бермей, қол көтерген. Ата-аналар балаларының денесінің көгергенін көріп, шу шығарды.
АЖАЛ АПАНЫ
Жасөспірім бір өлімнен қалды. Атырауда 11 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті. Бейнебақылау камерасында велосипед жетектеген жасөспірімнің жедел сатының шұңқырына қалай құлағаны анық көрінеді.
ПАРЛАМЕНТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қос палата сессия жұмысын қорытындылап, қанша заң жобасына бастамашы болғанын және қандай құжатты қарағандарын пысықтады. Қорыта айтқанда, Салық, Бюджет, Су кодекстерінің қабылдануы Президент реформаларының іске асуының нақты көрінісі екенін айтты.
ИГІЛІКТІҢ ЖАҢА ТҮРІ
Заңсыз жолмен алынған активтер халық игілігіне жұмсала бастады. Үкіметтің мәліметінше, қазір жалпы құны 318 млрд теңгенің 406 жобасын қаржыландыру мақұлданған. Оның ішінде 333 жоба нақты іске асырылып жатыр.
ТЕГІН ЕҢБЕК
Шымкент қаласының тұрғыны ауланы, көпқабатты үйдің кіреберісін ұлттық нақышта безендіріп, ою-өрнекпен көмкеріп қойған. Ол үшін өнер иесі ешкімнен ақша сұрамайды, көмекті де қажет етпейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.