Ұлытау облысында қайтарылған активтер есебінен маңызды әлеуметтік нысандар салынды. Бұл қаржы бұрын табысының заңды жолмен келгенін дәлелдей алмаған бай-бағландарға тиесілі болған. Мәселен, Жаңаарқа ауданына қарасты Манадыр ауылында жаңа мектептің құрылысына бір миллиардтан астам теңге бөлінді. Жыл соңына дейін Ақбастау және Бидайық ауылдарында ауызсу мәселесі шешімін табады.
РИНАТ АЛМАТОВ — ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Сонымен қатар бес медициналық пункт және де екі амбулатория салынды. Біреуі Кеңгірде, екіншісі Ақтөбе елді мекенінде. Белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.