Бурабайдағы Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салынды

Бұдан былай Бурабайдағы Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салынады. Ұлттық саябақ өкілдері туристерге осындай қатаң шектеу қойды. «Бұл экологиялық ережелерді бұзып қана қоймай, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Белгіленген шектеулерді сақтап, Қазақстанның табиғи мұрасына қамқорлық жасауыңызды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада. Ережені елемегендер бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
———————————————