Таразда 74 жастағы әже университет бітіріп, заңгер дипломын алды. Валентина Проскурина сабақтан мүлде қалмаған. Дипломдық жұмысын «өте жақсы» деген бағаға қорғап шыққан. Бұл оның екінші дипломы. Бұған дейін инженер-экономист мамандығын меңгерген. Қазір мектепке дейінгі тәрбие беру саласында сарапшы. Осы жұмыс барысында даулы мәселе көп кездескен соң құқықтық біліктілігін жетілдіруді жөн санапты. Қаржылық салада 20 шақты кітап пен талай мақаланың авторы енді магистратураға түсуді жоспарлап отыр.
ВАЛЕНТИНА ПРОСКУРИНА – УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ:
— Жыл өткен сайын адамның санасы толығып, кемелдене бастайды. Әр жыл жаңа мүмкіндік сыйлайды және ой түбіндегі қабілет ашыла бастайды. Менің 120 жыл өмір сүргім келеді. Ғұмырымды белсенді, еңбекқор және бастамашыл адам ретінде өткізсем деймін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.