Талдықорғанда бес мың домбырашы күй тартып, рекорд орнатты

Талдықорғанда ұлттық домбыра күні қарсаңында жаңа рекорд орнатылды. Орталық алаңда бес мың адам жиналып, күй тартты. Бұл жетістік Қазақстанның Киннес кітабына тіркелді. Ұлттық аспапты ұлықтауға кәсіби домбырашылар, Мұқан Төлебаев атындағы ұлт аспаптар оркестірі, саз колледжінің ұстаздары мен студенттері, өнер мектептерінің жас орындаушылары жиналды. Бұл жолғы басты ерекшелік, домбырашылар алаңда домбыра бейнесін келтіріп, орналасты.
РҮСТЕМ НАУРЫЗОВ – КҮЙШІ:
— Тек Жетісу жұртшылығы ғана емес, барша қазақстандықтың рухы көтерілетін уақыт деп ойлаймын. Өйткені нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра дейді. Осы домбыра барда қазақтың рухы бар. Қазақтың өткені мен бүгіні және де оның сарқылмас үлкен тарихы жойылмайды деп сенемін.
———————————————