Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ИТ ТАЛАДЫ
Алматы облысында сұмдық жағдай жағаны ұстатты. Футбол алаңында ойнап жүрген 10 жасар баланы үш ит талап тастады. Оқиға Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында болған. Баланы бейтаныс адамдар арашалап алған. Қазір ауруханада жатыр.
СӘБИ САУДАСЫ
Сәби саудалағандарға сот үкім кесті. Қарағандыда өз балаларынан безген әйел 5 жылға, ал ортада делдал болған медбике 8 жылға сотталды. Енді саудаға салынған сәбилердің келешегі не болмақ?
ТАБИҒИ ҚАУІП
Түркияда орман өрті өршіп барады. Қолқаны қапқан түтіннен Измирдегі халықаралық әуежай жұмысын тоқтатты. Ал Мәскеуде жаңбыр толассыз жауып, қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды. Аптап ыстық Өзбекстан жұртының апшысын қуырып жатыр.
АУЫЗСУ АЛАҢДАТПАЙДЫ
Қазақстанның қалалары мен ауылдарында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға 183 млрд теңге бөлінді. Үкімет отырысында халықты сапалы сумен қамту мәселесі қаралып, осы бағытта қолға алынып жатқан жобалар талқыланды.
КҮЙ КҮМБІРЛЕДІ
Талдықорған көгін күмбірлі күй кернеді. Бір мезетте 5 мың адам күй тартты. Бұл ауқымды шара Ұлттық домбыра күніне арналды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.