Сот: Перизат Қайратқа тағылған айыптар

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сотта прокурор екі айыпталушының жеке басына қатысты бірқатар дерек мәлім етті. Айыпталушы Перизаттың орта білімі де болмаған. Соған қарамастан, ол өзін бизнесвумен ретінде көрсетіп, медиа мен әлеуметтік желіге жиі шығып жүрген. Тергеу нұсқасы бойынша, Перизат пен оның анасына қайырымдылық желеуімен жиналған шамамен 3,5 миллиард теңгені иемденген деген айып тағылып отыр. Жұрт белшеден топан суға батып қиналып жатқанда, ол екеуі елдің ақшасына шетел асып, удай қымбат көліктер мен жиһаз толы пәтерлер сатып алған. Бұл мәліметтердің барлығы сотта жарияланған айыптау қорытындысынан белгілі болды. Сот жалғасып жатыр.
———————————————