Жезқазғанда адам өлтіріп, денесін бөлшектеген ерлі-зайыпты 20 жылға сотталды

Әйел мен еркектің есерлігі. Жезқазғанда танысын өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған жұпқа сот үкім кесті. Енді олар 20 жыл бойы түрмеде отырады. Кикілжің алдында олар ішімдік ішіп, көңіл көтерген. Сөйтіп, күдіктінің бірі үйдің иесіне пышақ ала жүгірген. Ол оқиға орнында көз жұмады. Ал өлген адамның дене бөлшектерін сыртқа шығару сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Енді түрмеге жабылған екеудің әрқайсысы қайтыс болған адамның туыстарына 5,5 миллион теңге моральдық және материалдық шығынды өтейді.
———————————————