Mercedes көлігін ұрлаған ер адам жол апатына ұшырап, қаза болды

Павлодарда ер адам Mercedes көлігін ұрлап айдап кетіп, жол апатына ұшырады. Өзі қаза тапты, жолаушылар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Ал Қостанай – Әулиекөл тасжолында тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Новонежинка мен Айсары елді мекендерінің маңында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, өртенген. Жеңіл көліктің жүргізушісі, бір жолаушы және 2003 жылы туған бала оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, апат жеңіл көліктің қарсы бағытқа шығып кетуінен болған.
БАУЫРЖАН ҚАСЫМҚАН – ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Полиция барлық жол жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға рөлге барынша мұқият болуға, және өз өмірі мен айналадағы адамдарының өмірін қауіп етпеуге шақырады.
———————————————