Шымкентте полиция қызметкері әріптесін зорлады деген күдікке ілінді. Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде полиция капитанының үстінен әріптесі арыз түсіргені жөнінде ақпарат тарады. Оған сүйенсек, тәртіп сақшысы зорлық жасағаны үшін күдікке ілінген. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады. Бірақ ер адамның үстінен қай бап бойынша іс қозғалғанын нақтыламады. Департамент ұсынған ақпаратқа сүйенсек, әйелдің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, арызданушы мен ер адам бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Департаменттің баспасөз қызметі: тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процестік шешім қабылданатынын мәлімдеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.