Алматыда «Matic Basket» криптовалютаға негізделген қаржы пирамидасының жолы кесілді. Ұйымдастырушылар өздерін YouTube, WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілері арқылы жарнама жасап, азаматтарды жоғары табысқа уәде беріп, ақша салуға үгіттеген. Салым көлемі 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай ресми құжат берілмеген. Әрі олармен келісімшарт жасалмаған. Жобаға жаңа қатысушы тартқандарға әрбір қаржылық операциядан 10% сыйақы ұсынылған.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Нәтижесінде Қазақстан мен ТМД елінен 1900-ден астам адам 80 миллион теңгеден аса қаражат салған. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды.Тергеу амалдары жалғасуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.