Ұлытауда мемлекеттік қызметкер құмар ойынға бәс тігіп, 16 миллион теңге салғаны үшін жұмыстан шығарылды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін Туризм және спорт министрлігі Бірыңғай бәс тігу есебін енгізуді жоспарлап отыр. Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаевтың айтуынша, бұл платформа букмекер мен клиент арасындағы барлық транзакцияны және бәс тіккенін тіркеп отырады. Жүйе ойынға тәуелді адамды анықтап, оларға көмек көрсетуді, жасанды интеллект арқылы заңсыз сайтты бұғаттауды және қаражаттың шетелге кетуінен қорғайды.
ӘДІЛЕТ ТҰРҒАНБАЕВ – ОЙЫН БИЗНЕСІН ЖӘНЕ ЛОТОРЕЯНЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Бұл – жоғарғы технологиялық сала. Мемлекет бұл саланы реттеу үшін цифрлы форматқа көшіп жатыр. Яғни бүкіл операцияны онлайн форматта көру үшін, азаматтарды ойын құмарлықтан қорғау үшін…
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.