Ажырасқан ерлі-зайыптының дүние-мүлкін бөлу тәртібі өзгерді

Енді заңды некедегі ажырасқан ерлі-зайыптының дүние-мүлкін бөлу тәртібі өзгерді. Жоғарғы сот ортақ мүлікті бөлу тәртібін қайта қарап, жаңа ереже енгізді. Яғни сот неке бұзу істерін қарау тәртібін реттейтін нормативтік қаулыны өзгертті. Конституциялық соттың мәліметіне сүйенсек, бұл өзгерістер бұрынғы жұбайлардың мүліктік құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Негізгі өзгеріс – талап қою мерзімінің басталу уақыты. Бұрын ортақ мүлікті бөлуге қатысты талапты неке ресми бұзылған күннен бастап үш жыл ішінде ғана беруге болатын еді. Енді бұл мерзім адамның мүліктік құқығы бұзылғанын білген немесе білуге тиіс болған кезден бастап есептеледі. Енді жасырылған мүлікке дәлелі болса, сот арызданушыға талап қою мерзімі өтіп кеткен дей алмайды.
ДАНИЯТ БАЙҒАБАТОВ – ЗАҢГЕР:
— Мәселен, ерлі-зайыпты 2022 жылы ажырасты делік. Ешқандай мүлік дауы болған жоқ. Содан кейін тек 2026 жылы ерлі зайыптының біреуі қарсы тараптың мүлкін жасырғанын анықтаса сотқа арыздана алады. Ол мүлік-ақша ма, бағалы қағаз ба әлде заңды үлесі қалды ма? Тек бұлтартпас дәлелі болуы керек. Уақытпен өлшенбейді.
———————————————