«Славян базарынан» бас жүлде. Беларусь елінде өткен «Витебскідегі Славян базарында» Алмагүл Батталиева үздік шықты. Әнші «Вечность» әнімен көрерменді тәнті етті. Қазақ әншісі көпшіліктің зор қошеметіне бөленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Екі күндік байқау қорытындысы бойынша Алмагүл Батталиева 137 ұпай жинап, фестивальдің гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, талантты жас вокалист. 14 жасында Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен. Ән айтудан бөлек, аккордеон, фортепиано және басқа да бірнеше музыкалық аспапты меңгерген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.