Жыл басынан бері 51 мыңнан астам мүгедектік өтінімі сырттай қаралды. Бұл пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асырылып жатыр. Қазір 30 түрлі ауру түрі бойынша сырттай сараптама жасалады. 2024 жылы осындай тәсілмен 96,9 мың өтінім қабылданған. Сырттай форматтың артықшылығы: қағазбастылық пен шенеуніктерге барудың қажеті жоқ, сараптама нәтижелері ашық әрі қолжетімді болады, қызметті үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік бар, сондай-ақ парақорлық тәуекелі едәуір азаяды. Өтініш беру үшін тек емханаға барып, тексеруден өту жеткілікті. Қалғаны – автоматтандырылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.