«Рақымшылық» туралы заң күшіне енісімен алғашқылардың бірі болып Қостанай облысындағы мекемелердің бірінде жазасын өтеп жатқан ер адам бостандыққа шықты. Ол ұрлық жасағаны үшін сотталған.
Өңірде Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 5 мекемеде қазір 2 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр. «Облыс бойынша сотталғандардың 300-і рақымшылыққа ілігеді», — дейді департамент мамандары.
Еске сала кетейік, 23 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай, рақымшылық жариялаған болатын. Еліміз бойынша темір тордың аржағындағы 15 мың азаматқа кешірім жасалады екен. Амнистия адам өлтіргендер, терроризм экстремизмге қатысты баппен сотталғандар және жемқорлар мен педофилдерге қолданылмайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.