13 шілдеден білім грантына өтініш қабылдау басталады

13 шілдеден мемлекеттік білім гранттарына өтініш қабылдау басталады. Науқан 20 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ тапсырған талапкерлер өтініштерін EGov арқылы онлайн форматта немесе жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Айта кетсек, университеттерде виртуалды қабылдау комиссиясы құрылады. Құжаттарды қабылдау кез келген жоғары оқу орындары арқылы жүзеге асырылады. Биыл бакалавриатқа түсу үшін 78 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Осы жылы да мемлекеттік жеңілдіктің 60%-ы техникалық және инженерлік мамандықтарға бөлінеді. Бір ерекшелігі, биыл алғаш рет білім гранттары азаматтық борышын өтеп қайтқан сарбаздарға да қарастырылған.
ЖАННА ЕСЕНБАЕВА, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Биыл квоталық категорияларға бірінші рет әскери борышын өтеп келген азаматтарға гранттар қарастырылған. Ағымдағы жылы грант саны 2010 грантты құрады. Бұл гранттарды Қорғаныс министрлігі оператор ретінде тағайындайды. Негізгі тізім Ғылым және жоғары білім министрлігі бұйрығымен бекітіледі.
———————————————