Бүгін – Қазақстан Әскери-әуе күштерінің құрылған күні. Тиісті құжат 1998 жылы 2 шілдеде бекітілген. Содан бері еліміздің әскери авиациясы жан-жақты тапсырмаларды орындай алатын қуатты құрылымға айналды.
Әуе күштері республикамыздың әуе кеңістігін қорғайды, стратегиялық нысандарды қалқалап, Құрлық әскерлеріне әуеден қолдау көрсетеді. Ұшу бөлімшелері Су-27 жойғыш ұшақтары, L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары мен Ми-35М сынды тікұшақтармен, сондай-ақ A-400M секілді заманауи әскери көліктермен жабдықталған. Кәсіби мамандарды даярлау ісі екі ірі әскери жоғары оқу орнына жүктелген. Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында ұшқыштар мен инженерлік-техникалық мамандар тәрбиеленсе, Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласының кадрларын даярлайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.