Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚАУІПТІ ОТБАСЫ
Ерлі-зайыптының есерлігі. Жезқазғанда бір адамды өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған жұпқа сот үкім кесті. Енді олар 20 жыл бойы түрмеде отырады.
ТОҚ СОҒАТЫН ҮЙ
Ақтөбе қаласының тұрғындары дабыл қағып жатыр. Жаңбыр жауса жертөле суға толып, адамдарды тоқ соғады. Үйдің айналасын қарғын судан қорғайтын блок құлап қалған. Қала жұрты жергілікті биліктен көмек сұрайды.
ИТ ИЕСІ ТЕРГЕЛЕДІ
Алматы облысында баланы қабаған иттерден қорғаған тұрғын жауапқа тартылмайды. Ал қарғы баулының иесіне қатысты тергеу басталды. Итке таланған бала басқа ауруханаға ауыстырылды.
КЕНЕДЕН ҚОРЫҚҚАН
Түркияда 12 гектар орманның өртенуіне себепкер болған күдікті ұсталды. Отыздан асқан жігіт жастығына жабысқан кенені өртемек болған. Жалпы елде соңғы 5 күнде 340 орман өрті тіркелді. Бұған негізінен аптап ыстық себеп. Өрт болған жерлерде қазақстандықтар бар ма, болса оларды кім эвакуциялайды?
БӨЛІС БАСТАЛАДЫ
Жас түлек бөлістен құр қалмасын. Бір аптадан кейін білім гранттарына құжат қабылдау басталады. Науқан 20 шілдеге дейін жалғасады. Үміткерлер университетке барып немесе Egov арқылы онлайн өтініш бере алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.