Ақтөбеде өндіріс орнындағы жарылыстан екі жұмысшы қаза тапты. Оқиға- локомотив цехының аумағында дәнекерлеу кезінде болған. Екі дәнекерлеуші- тепловоздың жанармай багын жөндеп жатқанда, кенет жарылған. Екеуін де қатты күйік шалып, дереу ауруханаға жеткізілді. Тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бірақ жұмысшыларды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір қайғылы жағдай бойынша тергеу басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.