Алматыда босанған әйелдің ішінен таңғыш мата табылды. Ол былтыр үшінші баласын кесар тілігі арқылы босанғаннан кейін қалып қойған. Тек осыдан екі ай бұрын компьтерлік Томография бөтен затты көрсетіп, шұғыл операция кезінде таңғыш табылды. Іштегі бөгде заттың кесірінен, ағзалары зақымданып, хиругтар ішектің бір бөлігін алып тастаған.
Мамандардың айтуынша, тағы бір апта кешіккенде әйелді аман алып қалу мүмкін болмас еді. Алда тағы бір күрделі операция бар. Ол кемі 1,5 жылдан кейін жасалады. Келіншек перзентхананы сотқа беріп, немқұрайлық танытқан дәрігерлердің жазалануын талап етпек. Ал Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы оқиғаның тексеріліп жатқанын хабарлады. Қорытындысы бойынша шара қолданылады.
АННА ЧЕРНОВА – ЗАҢГЕР:
— Менің ойымша, бұл мата адам ағзасына кездейсоқ түсіп кетті деу ақылға қонымсыз. Бұл әйел сол отадан соң, яғни кесарь тілігінен кейін операция үстеліне жатпаған. Таңғышты алған хирургтар. Демек, ол алдыңғы ота кезінде қалып қойған. Мұны барлық құжат растайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.