Шымкентте тонау, қарақшылық, бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Ұйымдастырушы өзінің сенімді адамдарынан топ құрып, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау мақсатында үлкен сомада қаражат болуы мүмкін жерлерді үнемі көздеп жүрген. Ол аздай, түнгі клубтардың бірін бақылауына алып, «қорғағаны» үшін заңсыз түрде ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған. Қылмыстық топ ұйымдастырушысы мен оның жақын сыбайласы қамауға алынды. Тінту кезінде олардан қару-жарақ тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар тағы бес адам анықталды.
ДУЛАТ ҚАЙЫР, ҰҚҚКБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Шымкент қалалық полиция депаратментінің қызметкерлері тонау, қарақшылық, бопсалау және қарыз мәселелерін шешумен айналысқан топтың заңсыз әрекеттерін тоқтатты. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.