Түркістан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы 7 жыл 6 айға сотталды. Ол «Алаяқтық» бабымен және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-шенеунік кәсіпкерден 67 млн теңге пара алған. Бұл ақшаға Шымкент қаласынан жер телімін сатып алып, мектеп салған. Осылайша, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырған. Енді сотталушы бұл соманы жәбірленушіге екі ай ішінде қайтарып беруі тиіс.
САМИДИН ТЕМІРӘЛИЕВ – СУДЬЯ:
– Шымкент қаласы, Абай ауданы, Достық шағын ауданында орналасқан «Жаннұр» жалпы білім беретін мектебі мен жер учаскесін мемлекет кірісіне айналдыру. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігі ескеріле отырып, Жұмашевқа түпкілікті жаза ретінде 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтер атқару құқығынан айыру жазасы белгіленсін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.