Алматыда кредиттік бюро басшылары 75 мың доллар парамен ұсталды

Өз мүдделері үшін ірі көлемде пара берген. Алматыда «Бірінші кредиттік бюро» серіктестігінің басшылары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» лауазымды тұлғаларына жүйелі түрде заңсыз сыйақы беріп отырған. Осылайша, қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге, қажет ақпараттық қызмет көрсету кезінде бас пайдасын ойлауға мүмкіндік алып келген. Күдіктілер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді. 2025 жылғы 30 маусымда сот санкциясымен А. Сарбасовқа, Р. Омаровқа және Д. Арғандықовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.
———————————————