Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Президентке экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді. Қазір инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын, шамамен 20 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін, 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр. Мұнан бөлдек, егіс науқанының аяқталуы және жиын-терім жұмыстарына дайындық барысы да баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада институционалдық өзгерістер жасауға, өңірлерді дамытуға және инвестиция тартуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.