Қазір экологиялық таза өнім сұраныста. Импорттық тауарларды алмастыратын сапалы бұйымдар мен азық-түлікті шығаруға мүмкіндік мол. Мәселен, Қызылорда облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы қолға алынып, шалғай елді мекен тұрғындарына қолдау көрсетіліп жатыр. Нәтижесінде, 130 ауыл кәсіпкері табиғи таза өнімдерін көрмеге қойып, көпшілікке ұсынды. Жәрмеңкеде үздік деп танылған тауарлар республикалық «Алтын сапа» байқауына жолдама алды.
АМАНГЕЛДІ ПАНАБЕКОВ, КӘСІПКЕР:
— Үй, мектеп, кеңсе жиһаздарын шығарамыз. Жергілікті жерден шыққаннан кейін міндетті түрде арзандау түседі. Сырттан әкелуге жолы бар, жұмысшылардың жатып-тұруы – бәрі ақша ғой. Соған қарағанда келісуге, өзгертсек те жақын жерден бәріне ыңғайлы деп ойлаймын.
ПІРМҰХАММЕД СЫЗДЫҚОВ, КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— «Бір ауыл – бір өнім» жобасына келетін болсақ, негізгі мақсаты ауылдан шығатын өнімнің шикізаты 50 пайызы сол ауылдан шығу керек. Мысалы, жүн өнімі болсын, тағам болсын барлығы жергілікті жерден шығу керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.