Еліміздің шығысында жұлдызқұрт қаптады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зиянкестер айналадағы жасыл желекті жаппай жайпап барады. Қазір әсіресе Огнёвка және Асу-Бұлақ ауылында жағдай қиын. Қаптаған жәндік- ормандағы шынар ағаштарды да жапырақсыз қалдырған. «Енді бау-бақша мен үйлерге де кіре бастады. Сондықтан күзде өнімсіз қаламыз ба», — деп дабыл қаққан халық, әкімдіктен көмек сұрады. Бұл мәселе- өңірде үлкен резонанс тудырғандықтан, облыстық табиғи ресурстар басқармасының мамандары- жағдайды бақылауға алды. Қазір аймақта зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары басталды.
ТАТЬЯНА МЕЗЕНЦЕВА – БЕЛОГОРСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Әсем табиғатымыздан айырылып қаламыз ба деп қорқамыз. Былай жалғаса берсе, ертең мына ағаштан дым қалмайды. Өте өкінішті жағдай.
АРМАН ЕСЕНТАЕВ – ТАБИҒИ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Аудан әкімдігі орман мекемесімен бірлесіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қауіпті ошақтар анықталды. Бүгінде Асу-Бұлақ, Огнёвка және Белая Гора ауылдары маңындағы аумақтарда өңдеу жұмыстары басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.