Бүгін Сенаторлар «Жетінші арнаның» ұжымымен жүздесті. Халық қалаулылары бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталды. Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар мен тың бастамаларды іске асыруға журналистердің де үлес қосып жатқаны айтылды. Тілшілер қауымы депутаттарға сұрақ қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ал сенаторлар «Жетінші арнаның» елдегі жетекші ақпарат құралдарының бірі екенін атап өтті. Айталық, көрермен сұранысына сай танымдық, ойын-сауық бағыттағы және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың жанданып жатқаны қуантады. Бүгінде бұл телеарна рейтингтің көшін бастап, алдыңғы үштікке еніп отыр.
ИЛХАМ ИБРАГИМ, «ЖЕТІНШІ АРНА» БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Басшыларымыздың, жетекшілеріміздің талап-тілегін ескере отырып, арнаны қоғамдық отбасылық бағытқа қайта құрдық. Ақпараттық-саяси, қоғамдық бағдарламалар эфирге қайта оралды. Мұндағы мақсатымыз – қазір елімізде атқарылып жатқан оң өзгерістерді, Президенттің реформалары, идеялары, бастамаларын қарапайым көрерменге өз тілінде жеткізу. Бұл өз нәтижесін бере бастады.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
— Қоғамға бастысы қажет заңдар болу керек. Заңдар орындалатындай, ресми бұқаралық, дәстүрлі медианы қолдайтындай тетіктерді біз бірлесе табуымыз керек. Ол жарнама бағыты бола ма, салық мәселесі бола ма, тағы басқа да дүниелер.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.