Бүгін судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев фемида өкілдерін төл мерекемен құттықтады. Президент бұл салада жүйелі түрде реформалар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Мәселен, Елімізде 1 шілдеден бастап кассациялық сот жұмысына кіріседі. Ол қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі соттарды қамтиды. Онда айыпталушылардың ісі қайта қаралмайды, тек төменгі соттардың шығарған шешімнің қаншалықты заңға сай екені тексеріледі. Бұл қадам азаматтардың және бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Ең маңыздысы, сот төрелігінің ашықтығын, тимділігін арттырмақ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.