Egov мобильді қосымшасында полицияға жүгінудің жаңа тәсілі пайда болды

«Заң мен Тәртіп». Egov мобильді қосымшасында полицияға жүгінудің жаңа тәсілі пайда болды. Енді қандай да бір құқықбұзушылық туралы тәртіп сақшыларына қоңырау шалмай-ақ, арызды мобильді қосымша арқылы беруге болады. Атап айтсақ, қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол апаты немесе бала өміріне төнген қауіп. Осындай қылмыс бойынша, полиция бөлімшесіне бармай-ақ, қосымшадағы батырманы басып, арыз жібере аласыз. Хабарлама тікелей тәртіп сақшыларына түседі. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында мұндай онлайн қызмет, банк қосымшаларына да енгізілген. Бұл бастама құқық қорғау органдарына халықтың сенімін арттырып, шұғыл көмек көрсетуге ықпал етеді.
———————————————