Алматы облысынан тағы «Алтын адам» табылды деген болжам бар. Өйткені Ұйғыр ауданындағы археологиялық қазба кезінде Тоғызбұлақ-1 қорымынан сақ дәуіріне тиесілі алтын әшекей табылды. 1969 жылы Есік қаласынан қазып алынған бұйымға ұқсас. Жалпы Қарадала өңірінің тек осы аумағында 50-ге жуық сақ қорғаны бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары екі айда алты обаны зерттеп шыққан. Қорымнан табылған жалпы 30 шақты жәдігердің ішінде алтын жүзік, шолпы, салпыншақ, әртүрлі пішіндегі қапсырма, алқа бар. Алтын тісқап пен қошқар мүйіз әшекейлер жақсы сақталған.
ДОСБОЛ БАЙҚОНАҚОВ, АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ:
— Бұл жерде де алтын адам жерленуі мүмкін деген ой бар. Бірақ көпшілік қорғандар өз заманында тоналып кеткен. Әйтсе де өз заманындағы билік өкілдерінің обалары саналады. Бұл қорғандар илитарлық қорғандардың біріне жатады. Бұл жерден шыққан алтын бұйымдар, тұспалдап айтқанда, біздің заманымыздан бұрынғы 4, 3 ғасырларға жатады деп отырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.