Павлодар балабақшасында сұмдық жағдай тіркелді | 24.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

«ТЕБЕГЕН» ТӘРБИЕШІ
Біреудің баласын тепкімен тәрбиелеуге тырысқан. Павлодарда бүлдіршіндердің шашынан тартып, басынан тепкен тәрбиеші қамауға алынды. Енді оны қандай жаза күтіп тұр?

НЕМҚҰРАЙЛЫҚ ҚҰРБАНЫ
Бүкіл ауыл халқының денсаулығына жауапты медбике қағазбастылық салдарынан ешқандай ем-дом жүргізбеген. Солтүстік Қазақстан облысында астан уланған 2 бала немқұрайлықтың құрбаны болды.

АРНАЙЫ БАТЫРМА
Айтып жақ талдырудың қажеті жоқ. Сұқ саусақ бәрін шешеді. Енді «Egov» мобильді қосымшасындағы арнайы батырманы бассаңыз, тәртіп сақшысы төнген қауіпті бірден біледі.

АТЫС ТОҚТАДЫ
Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келді. Мұнымен Таяу Шығыстағы жағдай тұрақтала ма? Ал еліміздің Қатардағы елшілігі қазақстандық азаматтарға үндеу жолдады.

САҚ СЫРЛАРЫ
Бір облыстан табылған екінші «Алтын адам». Алматы облысындағы Тоғызбұлақ-1 қорымынан сақ дәуіріне жататын алтын әшекейлер табылды. Археологтар үшінші ғасырға тән жәдігердің сырын қалай ашпақ?
———————————————