Ұстаздардың жалақысын құмар ойынға жұмсаған есепші сотталды

Қызылордада мектеп есепшісі мұғалімдердің жалақысынан үнемделген қаржыны құмар ойындарға салып жіберген. Жаңақорған ауданындағы білім ошағының бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің есеп-шотына заңсыз ақша аударып отырған. Тергеу барысында лауазымдық міндетін теріс пайдаланған айыпталушы жалпы сомасы 36 миллион теңгені «Pin Up» букмекерлік қосымшасы арқылы бәс тігуге жұмсағаны анықталды. Қазіргі таңда келтірілген залал толығымен өтелді. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады және есеп-қисап қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.
ТАУБАЙ МЕДЕУ, ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
— Сот А. Сейдековті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
———————————————