Иран Израильмен атысты тоқтатты

Иран Израильмен атысты тоқтату туралы шешімге келді. Осыған дейін Дональд Трамп қос ел атысты тоқтатуға келіскенін жариялаған еді. Енді Press TV Иран тарапынан атысты тоқтату режимі күшіне енгенін хабарлады. Келісімге АҚШ пен Қатардың арағайындығы себеп болған. «Соған қарамастан Израиль тұрғындарына әлі де қауіп бар», — дейді еврей әскерінің қолбасшылығы. Сондықтан ел азаматтарына бомбаханаға жақын маңда болуды ескертілді. Бүкіл Израиль әскері кез келген соққыға сақадай сай тұр. Қалай дегенмен Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты SCAT пен Air Astana әуе компаниялары бұл аймаққа рейстерді қайта жалғастыратын болды. Иран мен Израиль әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубай мен Дохадан Алматы және Астана қалаларына Қазақстан азаматтарын елге қайтарады. Жоспар бойынша күніне 6 рейс орындалады.
———————————————