Петропавлда да қоқыс полигоны әбден толып, шашылып жатыр. 1996 жылы ашылған алаңның пайдалану мерзімі де аяқталуға жақын. Бүгінде тау-тау болып үйілген қалдық қоршаудан асып кетті. Жылда өртеліп, жағымсыз иіс қала іргесімен жақын маңдағы ауылдарға тарайды. Күніне бұл жерге шамамен 160 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жеткізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 450 полигон бар. Соның 100-ге жуығының құжаты рәсімделмеген. Енді жергілікті билік өкілдері жаңасын ашуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 37 миллиард теңге. Оны жергілікті инвестор жүзеге асырады.
ДМИТРИЙ СТЕШИН – КӘСІПОРЫН ӨКІЛІ:
— 30 гектар жер берілді. Құжаттар дайын. Енді жоба сараптамадан өтеді. Барлығы жақсы болса, күзде зауыттың құрылысын бастаймыз. Яғни полигон аумағында жаңа кәсіпорын құрылады. Қалдықтардың барлығы сол жерде сұрыпталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.