Шығыс Қазақстанда жекеге берілген «Алтай» технопаркі ғалымдарға қайтарылды. Құны шамамен бір жарым миллиард теңгені құрайтын келісімшарт күшін жойып, жеті жылдан кейін заңсыз деп танылды. Мұндай шешімді аймақтық экономикалық тергеу департаментінің тергеушілері қабылдады. Тергеу бір жарым жылға созылды. Күмән тудырған сату-сатып алу келісімшартында технопарктің бұрынғы басқарушылары мен техникалық университеттің экс-басшыларының есімдері аталған. Тергеушілердің мәліметіне сәйкес, нысан сол университеттің балансында болған. Енді қайтарылған ғимарат алдағы уақытта тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. «Алтай» технопаркінде медициналық имплант өндіретін зертханалар құрылады.
ЕРКЕБҰЛАН МУСИН – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— 2018 – 2020 жылдары Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бұрынғы проректоры «Алтай» технопаркінің 78% үлесін жеке меншікке заңсыз шығарған. Бұл қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.