Алматыда рухани дипломатия мен діни мұраны сақтау мәселесі талқыланды

Алматы қаласында «Рухани дипломатия мен әлемдік және дәстүрлі діндердің қасиетті мұрасын сақтау» мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Қазақстан, Біріккен Араб Әмірлігі, Франция, Түркия, Иран және Өзбекстаннан келген діни, ғылыми және мәдени ұйым өкілдері қасиетті және көне қолжазбаларды қалпына келтіру және дінаралық диалогты дамытуды талқылады. Форум жұмысы үш алаңда: «Нұр-Мүбарак» университетінде, Ұлттық кітапханада және Ислам зерттеулері институтында өтті.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
— Біз енді көптеген құндылық алмасқан кезеңде өмір сүріп отырмыз. Сондықтан рухани қайнар бастауларына үңілу өте маңызды. Жерасты мешіттерін сақтау, қазір Әзірет Сұлтан кешенін сақтау бойынша арнайы жұмыстар жүріп жатыр. Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі. Елімізде басқа да діндердің, конфессиялардың әртүрлі мұралары бар. Солардың барлығын сақтау біздің мемлекетіміздің, біздің еліміздің де саясатына үндес.
———————————————