Елімізде ағылшын тілінің үздіктері анықталды

Елімізде ағылшын тілінің үздіктері анықталды. Оқушылар арасында өткен олимпиадаға бүкіл ел бойынша 3 мыңға жуық бала қатысқан. Солардың арасынан оқ бойы озып шыққан оқушыларды бүгін Астанада марапаттау рәсімі өтті. Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, жас чемпиондарды жеңісімен құттықтады. Үздіктерге 500, 250 және 150 доллар көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Бұдан бөлек, 4 жеңімпаз қазан айында Грекияда өтетін әлемдік додаға жолдама алды.
ТӨЛЕНБАЙ ТАҢАТ – ОҚУШЫ:
— Олимпиададан бірінші орын алған едім және осы Грекияға баратыныма өте қуаныштымын. Өзім орын аламын деп үміттеніп жүрдім. Өзімді бар әлемге көрсетіп, Қазақстаннан намысын қорғаймын.

МАНАТ ЕРКІНҚЫЗЫ, EDUSTREAM ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Бұл – халықаралық олимпиада. Қырық алты елден астам жерде өткізілетін олимпиада. Биыл енді Қазақстанда бірінші рет өткізілді. Жеңген балалар Грекияға барады. Қазақстан үшін бұл – үлкен жетістік.
———————————————