Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
САЛЫҚ РЕФОРМАСЫ
Салық кодексі қабылданды. Мәжіліс пен Сенат мақұлдаған құжат енді Президенттің қол қоюына жолданды. Сарапшылар не дейді? Халық үшін қандай өзгеріс болады?
БІЛІМГЕ ЕМЕС, БӘСКЕ ТІКТІ
Мұғалімдердің маңдай терімен тапқан ақшасын бас есепші құмар ойынға салған. Қызылордада білім емес, бәс тіккен қызметкердің қылмысы қалай әшкере болды?
КҮТПЕГЕН СЫЙЛЫҚ
Ақтөбеде қабырғасы көгеріп, едені шіріп, бөлмесін құрт-құмырсқа жайлаған жатақханадан анасы балаларын құшақтап қашты. Жергілікті билік мұқтаж отбасына осындай баспана берген.
ПОЛИГОН ҚАШАН САЛЫНАДЫ?
Астанадағы қоқыс полигоны аузы-мұрнынан шығып тұр. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында қыруар жұмыс атқарылса да, жаңа полигон салу мүмкін болмай отыр. Бұған не себеп?
ТУРИЗМ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Қай елге барсам, аман-есен қайтамын? Қазақстандық туристер көрікті жерден гөрі қауіпсіздікке мән бере бастады. Сарапшылар саяхаттағы жаңа трендті талқылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.