Кұлсарыдағы қайғылы оқиға. 57 жастағы жұмысшы 12 метрлік терең кәріз құдығына құлап, қаза тапты. Полиция оқиғаның нақты себебін анықтауға кірісті. Әзірге «Жылыойсу» мекемесінің басшылығы марқұмның отбасына қандай да бір көмек беретіні жөнінде жақ ашпады. Айта кетейік, бұл – жыл басталғалы жұмыс орнында өліммен аяқталған бесінші жағдай.
ДИНА МАҚСОТОВА, ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы толыққанды тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.