Талғар өзеніне құлап кеткен баланың денесі 3 күннен кейін бөгет маңынан табылды. Айта кетейік, мектеп оқушысы- анасымен бірге өзен жағасына демалуға барған. Судан шыға алмағанын көрген анасы баласын құтқаруға ұмтылып, өзі қаза тапты. Соңғы күндері Алматыда суға бату жиіледі. Сайран көлінде жасөспірім суға тұншығып, сүңгуірлер, құтқарушылар, полиция және дәрігерлер келіп жеткен. Алайда, көлден 2007 жылы туған баланың мәйіті табылды. Дәл сол күні 48 жастағы тағы бір ер адамның денесі де көлден шықты. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде суға түсіп, батып кеткен. Қайғылы оқиғадан кейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінде шомылуға тыйым салды. Көл аумағы толық қоршалды.
ҚУАНЫШ ОСПАНОВ, ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Маусым айының басынан бастап тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Сайран көлінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 9 адам, тағы 4 адам мас күйінде шомылғаны үшін жауапқа тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.