Қарағандыда нөсер жауыннан қаланы су басты. Кейбір аудан жарықсыз қалды.
Коммуналдық қызмет әдеттегідей, залалын жоюмен айналысып жатыр. Әкімдіктегілер арық тазартылған, су қабылдауға дайын деп сендірді. Соған қарамастан, көшелерді су басты. Көлік жүргізушілеріне облыс орталығы арқылы жүру қиынға соқты. Кей жерде жарық болмағандықтан, бағдаршамдар істен шыққан. Сондықтан жүргізушілер сынаққа айналған күн деді. Бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.